Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес «Республика күні – ұлттық рухтың жаңғыруы» тақырыбында гуманитарлық әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Онкүндіктің негізгі мақсаты – білім алушылардың ел тарихына қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, патриоттық сезімін қалыптастыру және тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Онкүндіктің ашылу салтанатында колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы сөз сөйлеп, Республика күнінің тарихи маңызына тоқталды. Білім алушыларды отанды сүюге, ел тарихын құрметтеуге және ұлттық құндылықтарды қастерлеуге шақырды.
Іс-шара барысында «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының арнайы көрмесі ұсынылып, білім алушылар халқымыздың тарихи-мәдени мұрасымен, құнды жәдігерлерімен танысты.
Республика күні – елдігіміздің айғағы, егемендігіміздің бастауы, ұлттық рухымыздың берік тұғыры!
«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы
Компонент комментариев CComment