2026 жылғы 5–16 қазан аралығында Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде «Республика күні – ұлттық рухтың жаңғыруы» тақырыбында Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің 10 күндігі өткізілуде.
10 күндік аясында білім алушылардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
2026 жылғы 6 қазанда дүниежүзі тарихы пәні оқытушысы Сүлейменов Мұхит «Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
білім алушыларға әлемдік діндердің пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін таныстыру, олардың адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуына тигізген ықпалын талдау, тарихи ойлау және салыстыру дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында білім алушылар буддизм, христиандық және ислам діндерінің тарихы мен ерекшеліктерін қарастырып, олардың әлемдік мәдениет пен өркениеттің дамуына қосқан үлесін талқылады.
Компонент комментариев CComment