«Ұлылықтың басында – ұстаз тұрар мәңгілік»

 

       Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұлылықтың басында – ұстаз тұрар мәңгілік» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. 
Мерекелік кешті колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханович құттықтау сөзімен ашып, барша ұстаздар қауымына ізгі тілегін білдіріп, жауапты да абыройлы еңбектеріне толағай табыс тіледі.
     Іс-шара барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары арнайы қатысып, білім беру саласында қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздарға қала әкімінің Алғыс хаттарын табыстады. Сонымен қатар бірқатар ұстаздар облыстық кәсіподақ ұйымының марапаттарымен марапатталды. 
       Мерекелік кештің қадірлі қонақтары ретінде колледжімізде ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде зейнет демалысына шыққан ардагер ұстаздарымыз арнайы шақырылды. Саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған ардагерлерге құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Ардагер ұстаздар да өз кезегінде жүрекжарды тілектерін білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. 
Кеш барысында әсем әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалып, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді. Өнерлі білім алушыларымыздың мерекелік бағдарламасы ұстаздарға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. 
Ұстаз – білімнің шамшырағы, ұрпаққа бағыт берер ұлы тұлға. Ұстаздарымыздың мәртебесі әрдайым биік, еңбегі елеулі, абыройы асқақ болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын, қадірлі ұстаздар!

Компонент комментариев CComment

БІЗ ТУРАЛЫ

         1934 жылы қараша айында «Түркістан ауданаралық трактористер Мектебі» болып ашылған мектепте жөндеу шеберханасы болды, ол келісімшарт бойынша аудандағы техникаларды жөндеді. 1934 жылы мұғалімдер штат кестесі бойынша бес бірлік болды. Мектепте негізінен трактористер оқыды. Жылына жоспар бойынша 150 оқушы оқитын болды. Тұңғыш директор болып Ахметов Саид тағайындалды.

Байланыс

Мекен-жай:

Кері байланыс