"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

Жастар – еліміздің жарқын болашағы. Бүгін біз салауатты өмір салтын насихаттап, нашақорлыққа қарсы челленджді қабылдаймыз. Әрбір азаматтың басты міндеті – өз денсаулығын қорғау, зиянды әдеттерден аулақ болу.

Келешегіміз үшін бірге айтамыз:

– Нашақорлыққа жол жоқ!

Write comment (0 Comments)

1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын

02.05.2025 жылы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде «1 қыркүйек-Білім күні!» аталып өтілді.

Құрметті ұстаздар, студенттер және ата-аналар!

Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – жаңа бастамалардың, тың серпін мен биік жетістіктердің бастауы.

Колледж табалдырығын аттаған жас талапкерлерге сәттілік, ал жоғарғы курс студенттеріне білім жолында табыс тілейміз.

Салтанатты жиында колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге білім алуда табандылық пен ізденіс, ал ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі.

Ұстаздар қауымына қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!

Білім – болашақтың кілті, ал сол кілт сіздердің қолдарыңызда!

Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Write comment (0 Comments)

ВАКАНСИЯ

«Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі» коммуналдық қазыналық кәсіпорнына 3 арнайы пән оқытушысы қажет.

Бос орын:

Есептеу техникасы және ақпараттық желілер мамандығы бойынша  арнайы пән оқытушысы

Бос тұрған мерзімі:

2025 жылдың қыркүйек айының 05-09 аралығы

Талаптар:

Жоғары  педагогикалық білімі болуы;

Өз мамандығы бойынша тәжірибесі болғаны құпталады;

Жауапкершілігі жоғары, кәсіби білікті маман.

Құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (еркін түрде);
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Диплом және қосымшаларының көшірмесі;
  4. Еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда);
  5. Резюме.

 

 

Мекенжайы: Түркістан қаласы, Байқоңыр 2а

Электронды пошта:КІThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

https://www.facebook.com/share/p/1BAa7Hff6q/

Write comment (0 Comments)

Республикалық спартакиада.

      02.06.2025-07.06.2025 жылы Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтерімен қызметкерлері арасындағы Республикалық спартакиада өз мәресіне жетті. Алты күнге созылған додаға біздің колледж спорттық 3түрінен қатысып,

Волейбол қыздар командасы 3-орын;

Тоғызқұмалақ 5-орын;

Асық ату 7-орынды иеленді.

Басқа спорт түрлері бойынша Түркістан облысының намысын қорғаған Түркістан жоғары көпсалалы қол-өнер колдеджінің волейбол ерлер командасы 2-орын,

Түркістан жоғары көпсалалы аграрлық колледжі футболдан 1-орын, Түркістан Ахмет Ясауи колдеджі баскетболдан 5-орындарды иеленіп, жалпы командалық есепте Түркістан облысы  3-орынды жеңіп алды.        

Республикалық спартакиадаға демеушілік жасаған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағына колледжіміздің атынан үлкен рақметімізді айтамыз!

https://www.facebook.com/share/p/1YyU8f9XuW/

 

Write comment (0 Comments)

Түркістан облысында педагогтар арасында дәстүрлі спартакиада өтуде!

Қазіргі таңда Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында “Д.Құрманбек” атындағы №20 колледжде спартакиада өз жалғасын табуда.

     Бұл жарыс – тек спорттық дода ғана емес, ұстаздар қауымының бірлігі мен ынтымағын, салауатты өмір салтын ұстану.

   Спартакиада барысында волейбол, футбол, үстел теннисі, баскетбол, асық ату, тоғызқұмалақ сынды бірнеше спорт түрінен тартысты сайыстар өтуде.

    Әрбір команда өз абыройы үшін аянбай тер төгіп, ұйымшылдық пен достықтың жарқын үлгісін көрсетуде.

Осындай іс-шаралар арқылы педагогтар арасындағы байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға да зор мүмкіндік туып отыр.

   Білім мен спорт қатар өркендесе, қоғам да мықты, болашақта нық болады! Біздің ата-бабаларымыз "тәні саудың жаны сау" деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Барша әріптестерге сәттілік, өзімізге жарқын жеңістер тілеймін!

https://www.facebook.com/share/p/16HH7W6Dva/

Write comment (0 Comments)

ЖЕҢІСКЕ ТОЛЫ ЖЕТІСТІК!

          17.05.2025жылы  Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында орналасқан Д.Құрманбек атындағы №20 колледждің базасында Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында үш күн бойы өткен дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті

Ауқымды шараға облыстың түкпір-түкпірінен келген 26 колледждің командалары қатысып, әртүрлі спорт түрлерінен сайысқа түсті. Бұл жарыс тек дене шынықтыру мен спорттық шеберліктің емес, сонымен қатар ұйымшылдық пен рухтың сыналар алаңына айналды.

     Біздің колледждің құрамасы бұл додада жоғары деңгейдегі дайындық пен ерекше белсенділік танытып, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:

Тоғызқұмалақ – І орын

Асық ату – І орын

Қыздар волейболы – І орын

Үстел теннисі – ІІ орын

Футбол – ІІ орын

Осылайша, жалпыкомандалық есеп бойынша колледжіміз екінші орынды иеленіп, өз білім ордамыздың мерейін үстем етті. Колледжіміздің намысын қорғаған барлық қызметкерлерге зор алғыс білдіреміз!

Жеңісіміз құтты болсын!

Бірлік бар жерде – береке бар!

https://www.facebook.com/share/p/1DuVTjfN9B/

Write comment (0 Comments)

Кәсіптік бағдар бойынша үгіт-насихат жүргізу.

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде 2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялануына байланысты, Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асыруда.

Аталған бастама аясында колледж қаламыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып бітіруші түлектерімен үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды түрде жүргізді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты — оқушыларға жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы мен болашағы зор екенін түсіндіру, техникалық және кәсіптік білім алуға ынталандыру, сонымен қатар колледжде ұсынылатын білім беру бағдарламаларымен таныстыру болды.

Үгіт-насихат барысында оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы, дуальді оқыту жүйесі, тәжірибелік сабақтардың ерекшелігі мен түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.

Мектеп оқушылары тарапынан үлкен қызығушылық танытылып, көптеген түлек колледжге оқуға түсуге ниет білдірді. Бұл шаралар болашақта білікті жұмысшы кадрларын даярлауға, жастар арасында техникалық мамандықтардың беделін арттыруға зор ықпалын тигізері сөзсіз.

https://www.facebook.com/share/p/1JE1QvvmfH/

Write comment (0 Comments)

"Таза Қазақстан" экоакциясы

02.05.2025жылы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде "Таза Қазақстан" экоакциясы шеңберінде  сенбілік  тазалық жұмыстары жүргізілді. Колледж ұжымы және студенттері оқу ғимаратының аумағын тазалап , көшелерді сыпырып, қоқыстарды шығарды.

#ТазаҚазақстан

#Сенбілікеріктіеңбек

https://www.facebook.com/share/p/19AhMSTF13/

Write comment (0 Comments)

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс