Біздің колледждің белсенді студенттері «Дублёр күні» аясында қаламыздағы жетекші өндіріс орындарының бірі — "JASYL SUYQ QAZAQSTAN" өндіріс бөлімінде болып қайтты!
Студенттер өндірістік бөлім мамандарының күнделікті жұмысын өз көздерімен көріп, өндірістік процестерге араласты.
Тоңазытқыш құрастыру, сапаны бақылау, техникалық қызмет көрсету секілді маңызды бөлімдерде дублёр ретінде еңбек етті.
Болашақ маман ретінде тәжірибе жинап, өз кәсібіне деген қызығушылығын арттырды.
Мұндай тәжірибелік күндер — жастардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына, әрі кәсіби ортаға бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға және зауыт ұжымына алғысымызды білдіреміз!



Comments powered by CComment