Түркістандағы білім ордаларының 90 жылдығына
арналған үлкен спорттық жеңіс!
Түркістан қаласы Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжі, Түркістан жоғары көпсалалы колледжі және Қолөнер колледждерінің 90 жылдығын мерекелеу аясында ұстаздар мен қызметкерлер (қыздар) арасындағы «EduVolley2025» республикалық волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті.
Елдің түкпір-түкпірінен келген командалар бақ сынап, керемет ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде:
1-орын — Алматы облысы
2-орын — Маңғыстау облысы
3-орын — Жамбыл облысы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды. Бұл жарыс қатысушылар арасында достықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарды.
Барша қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жаңа жетістіктер, биік белестер және жарқын жеңістер тілейміз!





Comments powered by CComment