"КӨПСАЛАЛЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ" МКҚК

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

Бүгін колледжімізде Түркістан қалалық полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Ниетқабылов Қайсар Жантөреұлы және Учаскелік полиция инспекторы Алмас Сұлтанұлы колледжімізде оқитын ер балалармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәртіпті сақтау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті туралы маңызды ақпараттар айтылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері студенттерді заңды құрметтеуге, жауапкершілікке және өз болашағына бей-жай қарамауға шақырды.

 Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және теріс әрекеттердің алдын алу.

Comments powered by CComment

Колледж туралы

Түркістан қаласындағы Көпсалалы идустриалды-техникалық колледжі 1971 жылғы тамыз айында №93 орта кәсіптік-техникалық училище болып ашылған.

Байланыс

Тел: +7 725 33 5-27-51

Факс: +7 725 33 5-27-51

+7 701 025 05 05

e-mail: kl-21_kairat@mail.ru

 

 

Біздің мекен-жай:

Кері байланыс