Бүгін Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжінде ата-аналармен кездесу өтті. Жиналыстың басты мақсаты – студенттердің оқу үлгерімі мен тәртібін талқылап, ата-ана мен оқу орны арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды.
Колледж директоры Абпазов Айдос Кенжеханұлы жиналыс барысында сөз сөйлеп, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі мен оқу орнының мақсат-міндеттерін атап өтті. Ол өз сөзінде:
«Бүгінгі жастар – ертеңгі елдің тұтқасы. Сол себепті колледж бен ата-ананың бірлесе әрекет етуі – сапалы білім мен саналы тәрбие кепілі. Біз студенттеріміздің тек білімді ғана емес, жан-жақты, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына бар күшімізді саламыз» – деп атап өтті.
Жиын барысында:
- 2025-2026 оқу жылындағы студенттерді қабылдау барысындағы парақорлық;
- Қазіргі таңда жатақханамызда 75 студент жатыр, олар түскі ас, кешкі аспен қамтылады және асхана кезекшілігі студенттердің қауіпсіздігіне жауап берілуі;
- Ата-аналармен тығыз жұмыстар жасау. Мысалы:эстафеталық ойындар, түрлі білім рингі сайыстарына ата-аналармен бірге жұмыстар атқарылады. Ата -аналар комитеті құрылады, сол бойынша бірлесіп жұмыс жасау;
- Студенттердің жетістіктері мен алдағы жоспарларымен бөлісілді;
- Ата-аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.
Ата-ана мен колледждің ынтымақты байланысы – болашақ ұрпақтың жарқын болашағына бастар жол!
Осындай кездесулер алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасатын болады.

Comments powered by CComment