Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжіміздің қызметкері, Кәсіподақ ұйымының төрайымы, арнайы пән оқытушысы Раушан Ахметова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен Жолдау аясында сұхбаттасу құрметіне ие болды.
Бұл маңызды кездесуде Жұмысшы мамандықтар жылының маңызы, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Бұл – біздің ұжым үшін үлкен мақтаныш әрі еңбек адамына, ұстаздар қауымына деген зор құрметтің көрінісі.
Президент Жолдауындағы бастамалар – еліміздің болашағына үлес қосатын білікті мамандар даярлауда бізге тың серпін береді.

Comments powered by CComment